Бірінші қарашада біздің мектепте сенбілік өтті, оған бесінші-онбірінші сынып оқушылары қатысты. Керекшімізбен бір адамдай жұмылып еңбек етуге шықтық.
Мектеп оқушыларының осы сенбілікке ерекше көзқарас білдіргендерін атап өту керек. Жан-тәнімен беріліп, көңілді күймен енбектенген балаларға алғысымыз шексіз. Осы сенбілік кезінде барлық жақын арадағы аймақтың жапырақтары жиналды.
Сенбілік дегеніміз ол үлкен – кіші болып мектептерді, көшелерді, ауларды жинап тазалау. Сенбіліктен соң мектебімізге сырттан қарасаң-көз алдырмайды. Адамдар, есте сақтаңдар, тазалық болса мектебімізде, қаламызда, елімізде жайнай түседі! Бірінші қарашада өткен сенбілік , біздің мектебімізде қандай тамаша еңбексүйгіш адамдар еңбек етеді және оқиды-соған дәлел бола білді.
Еңбек тәрбиесі адамның жалпы жетілуіне ,дамуына ерекше роль атқарады.