Тәуелсіз мықты мемлекет орнатуда біздің таңдауымыз бен қабылдаған шешіміміздің дұрыстығын уақыт дәлелдеп, сол уақыт бізді әлемдік деңгейдегі сұрақтарды шешуге үйретеді.
« Қазақстан-2050» құжатымен біз уақыттың жаңа өлшемін бастадық және бұл жолды өтуге шамамыздың жететіне кәміл сенеміз.
Осы тақырып бойыншабіздің мектепте 9-11-сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.Оқушылар өз сөздерінде біздің еліміздің стратегиялық бағытының дұрыс екендігі,еліміздің өркендеуінде таңдаған жолдың айқындығы туралы айта келіп,2050 жылы қай жерде болатындығымыз туралы айтты.
Со сияқты оқушылар еліміздің басты мақсаты 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарында болу екендігін атап өтті. Ол үшін біздің өміріміздің әр саласы жоғары деңгейде болу керек.
Президентіміздің айтуы бойынша, ел өміріндегі жастар орны ерекше.
Еліміздің жастары жаңа біліммен қаруланып,күнделікті тұрмыста өз білімдері мен жаңа технологияны тиімді пайдалануы тиіс.Әсіресе оқушыларға осы құжатта салауатты өмір салтын ұстануға , спорт пен дене шынықтыруды дамытуға ерекше көңіл бөлінетіндігі ұнады.
Президенттің Жолдауы бойынша айтылған ойларды оқушылар бір ауыздан жүзеге асыруға міндетті екендіктері туралы ой бөлісті.