«Жасөспірім,Заң,Қауіпсіздік»
25 -26 ақпан аралығында өткен кең ауқымды «Жасөспірім,Заң,Қауіпсіздік» акциясы барысында Павлодар облысының IIД арнайы бөлімшесінде оқушыларға арналған топ серуен өткізілді. Топ серуенге оқушылар полиция капитаны инспектор Касенова Ж.С. және әлеуметтік педагог Шарапиденова Т.Ж. басшылығымен қатысты. Арнайы мекемеде құқық бұзған азаматтар бас бостандықтарынан шектелген. Осындай акциялар оқушыларға тиімді және тәртібшілік бағытта оң әсер береді.