«ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»
«ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ Павлодар облысы бойынша филиалының бастауымен 17 қазан күні Достық Үйі алаңында республикалық «Энергияның тиімді үнемдеу» атты акциясы өтті. Бұл акцияға 17 ЖОББСОБМ оқушылары белсенді қатысты.Акцияны мектеп мұғалімі Мусина Г.С. мен қалалық акимат қызметкерлері жүргізді. Мектеп оқушылары сауалнаманың сұрақтарына дұрыс жауап беріп, бағалық сыйлыққа ие болды. Негізінде, бұл акция тұрмыста энергияны үнемдеу тақырыбына байланысты болды. Бұл акцияның жас өспірімге деген пайдасы өте зор. Акционерлік қоғам атынан мектеп оқушылары алғыс хаттармен марапатталды.
Машрапова А.Т. –оқу ісінің меңгерушісі.