Павлодар қаласы №17ЖОББСОБМ 6 «Г» сыныбында география апталығына орай «Географиялық бәйге» білім сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың география пәнінен алған білімдерін қайталау, қорытындылау, материалды меңгеру дәрежесін тексеру, пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.
Сайысқа
І топ– «Вулкандар» тобы
ІІ топ– «Гейзерлер» тобы болып екіге бөлінді.
Әділқазылар алқасы бес балдық жүйемен оқушылардың білім дәрежесін бағалады. Жіберілген кемшіліктерді ескертіп отырды.
Сайыс төменгі кезеңдер бойынша өтті.
І кезең –Таныстыру
ІІ кезең – Топ басшылар сайысы
ІІІ кезең –Жұмбақ жасыру, оның шешуін үш тілде айту.
ІV кезең – Адасқан әріптер, берілген сөздердің орнын табу.
V кезең – «Апатқа ұшырағандарға көмекке келу SOS».
VI кезең – «Менен баста» ойыны
VIІ кезең – «Жасырын сөз» ойыны
Сайысқа оқушылар өте жоғары белсенділікпен,әрі қызығушылықпен қатысты.
Сайыс соңында Дильназ бастаған «Вулкандар» алға озып шықты.Екінші орынды Еламан бастаған «Гейзерлер» тобы қаңжығасына байлады.