Қысқы демалыс кезінде мектептегі іс-шараларға оқушылар да ата-аналар да белсенді қатысты. Әр күн түрлі тақырыпқа арналды.
4-қаңтар – Спорт және денсаулық күні.
2-сынып оқушылары үшін «Универсиада әркімге» атты таза ауадағы ойындар өткізілді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Шохалевич Л.В. мен Миллер Л.В. оқушылар мен олардың ата-аналары үшін қызықты ойындар ұсынды.
5-қаңтар – ЭКСПО күні.
Аға тәлімгер А.Ж. Айбекованың ұйымдастыруымен «Барлығы ЭКСПО жайлы» атты баспа сағаты өтті. Іс-шараға 7 «А», 8 «Г» және 9 «А» сыныбының оқушылары қатысты. Олар аталған халықөаралық көрме жайлы буклеттер жасады, бейнероликтер мен презентацияларды тамашалады.
6-қаңтар – Отбасы, мәдениет пен білім беру күні.
1 «Г», 2 «Г», 3 «Г», 4 «Г» сынып жетекшілері мен мектептің музыка пәні мұғалімі Жазкей Еркештің ұйымдастыруымен ата-аналарға шағын концерттік бағдарлама көрсетілді. Оқушылар өлеңдер оқыды, ән айтты, би биледі, түрлі ойындар ойнады. Ата-аналар да, оқушылар да мәз-мейрам.
Салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында мектеп хореографы Т.В. Мананникова 3 «А» және 7 «В» сынып оқушылары үшін флешмоб өткізді.
Мектеп кітапханашысы К.Н. Сүлейменова 7 «В» сынып оқушылары үшін«Қазақстан – дана хандар аманаты» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Осы күні, сонымен қатар, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.М. Сарсенова мен ағылшын пәнінің мұғалімі С.Ж. Ченваева 3 «А» сынып оқушылары үшін отбасылық «Полиглот» лотосын өткізді.
4 «В» сыныбында «Бағдаршам. Жол белгілері» атты квест-ойыны өтті. Ойын барысында оқушылар алдын-ала таратылған жол белгілерінің сурет бөліктерін құрау арқылы екі топқа бөлінді. Ойын өте қызықты өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Смаилова Б.С.