22 желтоқсан күні "Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің облыстық психоневрологиялық балаларға арналған орталығы" ММ-мен ортақ іс-шаралар жоспары негізінде орталық қабырғаларында "Мен - тәуелсіз елдің ұланымын!" атты сурет байқауы өтті. Шараны ұйымдастыруға 7 "Д" сынып оқушылары А
рманкызы Карина, Малыгина Рита, Шарипова Аделя, Осиновская Анастасия, Стрельникова Ангелина, Андриенко Данил, Шост Дмитрий және Костенко Светлана көмектесті. Сайыс Тәуелсіздік күніне арналғандықтан, балалардың суреттерінде Бәйтерек, қыран құс, көк аспан, нұрлы күн, тәуелсіздік эмблемасы бейнеленді. Сайыс соңында қатысушылар мектеп директоры Мәлікова А.Қ. атынан мадақтамаларға ие болды.
Аға тәлімгер
Айбекова А.Ж.