Бүгін, яғни 12.06.15 күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінде өткізілген шаралар ұлтаралық келісім мен бірлік тақырыбында болды.Таңғы көңілді жаттығудан кейін «Раушан» тобы «Қазақстан халқы-бір ұлт» тақырыбында линейка өткізді. Таңғы астан кейін «Одуванчики», «Эдельвейс», «Раушан», «Ромашки» топтары Балалар техникалық мектебіне барып, ондағы үйірмелермен танысса, қалған топтар «ДОС» балалардың бос уақытын қамту орталығында болып, спорттық сайысқа қатысты. Балалар бүгінгі күн жақсы болды деген қуанышты көңілмен үйлеріне тарады.