Қыркүйектің 2- нен 6 –на дейін мектепте «Мен денсаулығымды күтемін- өз өзімді қорғаймын!» атты ұранмен «Денсаулық апталығы» өткізілді. 1 қыркүйек күні «Денсаулық апталығының» өткізілуі туралы жоспары құрылып, мақсаты анықталды:
1. Мектеп оқушыларын дене шынықтыру сабағына және спортқа жүйелі түрде тарту;
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
3. Спорт түрлерін жандандыру;
4. Ең үзік мектеп спортшысын анықтау.
Әр күн 1-11 сынып оқушыларының таңғы жаттығуларынан басталып отырды. Үлкен үзілістерде бастауыш сынып оқушылары үшін қозғалмалы ойындар ұйымдастырылды. 5-7 сынып оқушыларының ұлдары үшін футбол бойынша жарыс, ал қыздары үшін пионерболдан жарыстар өткізілді.
4 қыркүйекте 8-11 сынып оқушылары үшін стритболдан жарыс, 2 сыныптар үшін «Қызықты старт» өткізілді. 5 қыркүйек күні коньки тебу спортының шебері Людмила Прокашеваның шақырылуымен спорттық мереке өтті. 4-5 сынып оқушылары мұқият тыңдап, сұрақтарын қойды. Кездесудің соңында оқушылар Олимпиада ойындарының жүлдегерімен естелікке суретке түсіп, қолын алды.
Аптаның басында « Мен және дене белсенділігі- денсаулыққа деген жол! » тақырыбына сурет сайысы жарияланды, 6 қыркүйекте сайыстың қорытындысы белгілі болды. Сайыста 2 А, 2 Б, 3 Д, 4 Д сынып оқушылары белсенділік танытты.
« Денсаулық апталығы» оқушылардың , мұғалімдердің, ата-аналардың қатысуымен болған ФлешМОБпен яқталды.
Сонымен қатар мектебіміздің 100 оқушысы және 10 мұғалімі қалалық «Денсаулық фестивалі» атты іс-шараға қатысты.