8 Наурыз мейрамы қарсаңында 1-11 наурыз аралығында біздің мектепте бастауыш сыныптарының апталығы өтті.Апталық «Анама сыйлық» депаталды.
Мерекелік апталық шаралар,сайыстар ақ жаулық аналарымызға,әжелерімізге,әпке-сіңлілерімізге және де бүкіл әйел қауымына арналды.
Аталмыш шаралар қызықты,мазмұнды,нәтижелі болып өтті.Апталық 1наурыз күні мектептің радиосы арқылы басталды.Бірінші күн-Математика күні деп аталды.Сол күні әр сыныпта әр түрлі формада «Калькулятор – менің досым» және «Біз және Математика ханшайымы» атты сынып сағаты өтті.
Екінші күн-Грамматика күні деп аталды.Сол күні «Грамматика әлемінде» және «Грамматика еліне саяхат» атты іс-шаралар болды.Үшінші мен төртінші күн – «Қол өнері» атты шығармашылық күнінде
«Анам мен әжемнің ең үздік портреті» атты суретінің, «8 Наурыз» қабыр-ға газетінің, «Анама сыйлық» қолөнер көрмесінің,«Мен сізге өз алғысым-ды білдіремін атты сайыстары мен акциялары өткізілді.
Апталық аналарымызды,әжелерімізді,әпке-сіңлілерімізді құттықтауымен және «Кішкентай Ару-қыз» атты сайысымен аяқталды.Соңында барлық сайыстардың қорытындысы шығырылып,женімпаздар марапатталды.
Бастауыш сынып ӘБ-нің жетекшісі Валентина Николаевна Ежова
«Анама сыйлық!» атты бастауыш сыныбының апталығы