Халықаралық балалар күні.
Жыл сайын 20 қараша күні маңызды БҰҰ конвенциялық құжаттың қабылдануына арналған xалықаралық балалар құқығы күні атап өтіледі. Бұл іс-шара шеңберінде 7 "д" сыныбында тақырыптық сынып сағаты өткізілді. Оқушылар негізгі балалар құқықтарымен танысты және бейнебаян қарады. Балалар А.П. Чеxов "Ванька" әңгімесінің үзіндісін оқып, балаға қатысты бұзылған құқықтарды атап өтті.
Қарапайым отбасылық көрініс ойналып, балалар отбасы мүшелерінің кім өзін дұрыс ұстағанын талқылады.
Балаларға суреттер қарауға ұсынылды. Оларды талқылап, қай суретте баланың құқығы бұзылғанын анықтау керек еді.
Сынып сағатының аяғында өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылды. Плакаттар арқылы өз пікірлерін білдірді.