Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Нансыз ас дәмді болмайды
13-01-2018 09:56
Нансыз  ас   дәмді болмайды

 СӨС бойынша айлық кезінде 8 « В» сыныбында салауатты өмір салты тақырыбына 2 сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты денсаулықты сақтау мен бекітудің негізгі ретінде дұрыс тамақтану туралы түсінік қалыптастыру , балалардың тамақ өнімдерінің пайдалы қасиеттері туралы білімін кеңейту, дұрыс тамақтану қажеттілігін саналы түрде түсінуге ықпал ету, тамақтанудың пайдалы әдеттерін қалыптастырып, тәрбиелеу.
Бірінші сынып сағаты « Нансыз ас дәмді болмайды» деп аталды. Сынып сағаты нан туралы мақал-мәтелдермен басталды. Нан адамзат пайда болғаннан бері онымен бірге . В. Ореховский, М. Муханова, О. Постолов, А. Осапова, В. Лисагоров, Е. Мастепанюк, М. Французова сияқты оқушылар 15 мың жыл бұрын нанның пайда болғаны туралы мәлімет дайындап, оның 12- ғасырдан бастап Русьте қандай болғаны тураы , адамдардың нанды қалай пісіріп үйренгені туралы әңгімеледі.
Адамдар әрқашан нанды құрмет тұтып, оның өз өміріндегі маңыздылығына мән беріп, оған тағзым еткен. Нанды құдірет етіп, тіршілік негізі деп санаған.
Адамзаттың алғашқы қауым кезінде астық дақылдарының дәндерін шикі күйінде қолданғаны ерекше таң қалдырды. 12 - ғасырға дейін Русьте тек бидайдан нан пісірген. Сұлыдан пісірілген нан кейін пайда болған. Ол арзан болып, тойымдылығымен ерекшеленді. «Бидай таңдап тамақтандырса, сұлы-анамыз барлығын таңдаусыз тойдырады»-деп мақалда тегін айтылмаған.
Кездесуге шақырылған наубайшы Т. А. Эгоф нан пісіру ісі туралы , оның әртүрлі салалары туралы әңгімеледі. Қазіргі кезде нанды әртүрлі қосымша өнімдермен пісіреді. Ол өнімдерге бал, ірімшік,жаңғақ жатады.
Татьяна Алексеевна Ленинград қоршауы кезінде адамдар сәбіз, басқадай көкеніс түрлері қосылған нанды жегенін айтып өтті.
Біздің аталарымыз сол кездегі қосымшалары бар нанның олар армандаған қазіргі наннан қымбат екенін білсе не айтар еді?
Нанмен байланысты ырымдар көп. Нанды түзу кескен адамның өмірі де түзу болады. Нанды кескен кезде ішінде пышақты қалдыруға болмайды, үйде тоқшылық болмайды.
Соңында барлығы бұрын болсын, қазір болсын нансыз өмір сүру мүмкін емес ,Өмірде бәрі өзгерсе де нан сияқты құндылық мәңгілік болады деген қорытындыға келді.
Сынып жетекшісі Н.Н . Блашкина