2018 жылдың 9 қыркүйек күні ЖОББСОБМ №17 «Республикалық ата-аналар конференциясы» өтті. Конференция тақырыбы «XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: «Өз балаңа үлгі бол», «10-11 сынып оқушылардың ата-аналарына психологиялық көмек беру». Конференция барысында төмендегідей сұрақтар қарастырылды:
1. «Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділіктің қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар».
2. «Жасөспірімнің суицидтік мінез-құлық қалыптасуының алдын алу».
3. «Отбасылық құндылықтарды нығайту».
4. «Жасөспірімдер ортасында деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары».
5. «Жасөспірімдер ортасында девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу».
6. «ҰБТ тапсырушы түлектерге ата-ана тарапынан психологиялық қолдау көрсету тиімділігі».
Конференцияға қатысқан ата-аналардың ойынша, ата-аналар конференциясы жоғары дәрежеде өтті, өмірдің қиын жағдайларында дұрыс шешім таба білуге және өзекті сұрақтардың шешімін табуда көмек бере білді деп есептейді.