Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тың игерген жерлестерімізге тағзым.
26-01-2019 10:31
Тың игерген жерлестерімізге тағзым.

Тың игерген жерлестерімізге тағзым.

Павлодар қаласының №17 ЖОББСОБМ-інде қаңтар айында «Тың және тың игеру: мектебіміздің тарих беттерінен» атты үлкен жоба өз жұмысын бастады. Аталмыш жоба – Тың игерудің 65 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған іс-шара.
        Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»,- деп айтқандай, өткізіліп отырған іс-шара ауқымды да салмақты мақсатты: бүгінгі ұрпақтың тарихты танып білуін, туған жері мен еліне адал тер төгіп, еңбегі сіңген ата-бабаларымызды құрметтеп, қастерлей отырып, Отан, жер, ел деген құндылықтарды бойларында қалыптастыруын көздейді .
         Айтулы іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр. Салтанатты мерекеге мектебіміздің оқушылары білімдері мен өнерлерін салып, үлкен жауапкершілікті өз мойындарына алды. 23 қаңтар күні мектебімізде бұл жобаның ашылуы ресми түрде «Кереку атақтылары» менің жерлестерімнің жетістіктері деген марафонмен басталды. Бұл марафонға арнайы қонақтар шақырылды. «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Асима Балтабекқызы Жакабулдина, «Жас Отан» қалалық жастар қанатының өкілі Арсланебек Ерболатұлы Мұхаметкаиров, сондай-ақ облыстық мұрағат өкілі Н.А. Кубик, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана өкілі А.Е.Байгабылова, ауыл шаруашылық Департамент өкілі Е.Б.Мусалим, Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы өкілі Д.К.Опабекова кешіміздің қонақтары болды.
Мерекелік іс-шараның арқасында оқушылар бұрын-соңды толық танылмай, ашылмай келген сырларға көз тастап, тарих беттеріне үңіле түскендей әсерде болды. Жобаның жоспарына сәйкес мектебіміздің тарих мұғалімдерінен бастап, барлық сыныптар және мектеп ұжымы белсенді қатысты. Әр сыныптың тақырыпқа сәйкес өзіндік міндеттері мен мақсаттары белгіленген. Жоғарғы сынып оқушылары арасында «Тың эпопеясы» атты сахналық көріністер көрсетілді. Көрініс шынайылықты талап еткендіктен, оқушылар тың игеруді жан-жақты зерттеп, зерделегендері көңілді қуантады. Қысқа қойылымдар арқылы еліміздің экономикалық әуелеті көтерілгенін, ауылдардың еңсе түзеп, жастардың еңбекке деген құлшынысы артқандығы, сонымен қатар қаншама қиындықты бастан кешіргендіктері сахнада аса шеберлікпен сомдалды.
Бұдан басқа да фота-бейне аллеясы, қолданбалы өнер туындылары, кітап көрмелері ұйымдастырылған. Тақырып аясында оқушылар өз ата-әжелерінің тың игеруге қосқан үлесі жайлы зерттеу жұмыстарын да бастап кетті. Жоба тақырыбы балалардың өз аталарының өмір тарихы, туған жерінің тынысы болғандықтан, ерекше ықылас пен аса қызығушылық танытып отыр.
Өткеніміз жайлы білгенімізді келешек ұрпаққа қалдырып, олардың да бойында өткенге деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату - біздің, яғни аға ұрпақтың ең маңызды міндеттерінің бірі. Сол себептен де осындай ігі бастамалардың өмірімізден жиі орын алуына мұрындық болуды жалғастыру-бәрімізге де міндет деп ойлаймыз.