Мен өз денсаулығымды сақтау арқылы өз-өзіме көмектесемін!
№17 ЖОББСОБМ 6-8 сынып оқушылары үшін «Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы»дағдарыс орталығының маманы Небельцова Анна Александровнамен кездесу өтті. Анна Александровна тәуелділікті қалыптастыратын есірткіні және тыйым салынған медициналық препараттарды қолданудың алдын алу туралы айтты. Келесі тақырып бойынша, мектептің медицина қызметкері Ж.М. Джармухамбетова насыбай мен электронды темекіні пайдаланудың зияны бойынша дәріс оқыды. Соңғы ақпаратты мектеп психологы А.А. Узакбаева «Мен өз денсаулығымды сақтау арқылығ өз-өзіме көмектесемін!» тақырыбында зиянды әдеттердің алдын алу бойынша бейнебаян ұсынды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.