Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ОҚУШЫ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ АЛДЫНДА
19-04-2011 08:41
ОҚУШЫ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ АЛДЫНДА

Мектебімізде оқушыларға болашақ мамандығын таңдау кезінде көмек көрсету үшін кәсіби бағдар жұмысын өткізу қолға алынып, Павлодар қаласындағы көптеген Орта арнаулы оқу орындары мамандарымен  кездесу өткізілді.

 Оқу орындарының мамандары:

 •    кәсіби бағдар қызметі бойынша шараларды жоспарлап, іске асыру жолдарымен оқушыларды таныстырды;

•    кәсіби ақпараттандыру мен кеңес берудің тиімді әдістері мен құралдары жөнінде айтып кетті;

•    қызмет саласы мен кәсіби дайындық, қайта дайындық түрін таңдау туралы ақпарат береді, консультация өткізді;

•    колледждер мен лицейлерде  жүргізілетін мамандықтар бойынша қабылдау ережелері жайлы мағлұматтар берді;

•    қабылдау комиссиясының жұмысымен таныстырып кетті;

  Мектеп пен № 1,5,6,7, 8,15,31 кәсіптік-техникалық лицей арасында 9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында бірігіп атқарылатын жұмыс жоспарымен оқушылар мен мұғалімдерге таныстырылып қолдау тапты. Осы жоспар бойынша  кәсіптік лицейдің мамандарымен оқушылар пікір алмасты. Пікір алмасу барысында  лицей мамандары А.Ж.Матымбаева,  М.К. Омарова,  К.К. Абдрахманова, М.К.Иргебаев,  У.А.Нургожина,  А.Т. Турганбекова, К.К. Кенжебаев  өз оқу орындарындағы мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беруге мүмкіншіліктері баршылығын жеткізді. Сәуір  айында 9 сынып оқытушыларымен кездесуін ұйымдастырып, мамандық туралы ақпараттарын кеңейтуге арналған ашық есік күндері туралы ақпарат берді. Ендігі

кезекте лицей , колледждерменмен бірлесіп сабақ кестесін дайындап жоспарлы түрде жұмыс істеу. Сонымен қатар, кәсіптік бағдар беруді дұрыс жолға қойып, келелі мәселелерді шешу үшін және мектеп-лицей-колледж-ЖОО арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатындағы шараларды  жүзеге асыру екендігіне көбірек көңіл бөлінді Әсіресе 34-ОСБ бастығының орынбасары , подполковник Бауыржан Серғазыұлы Коңырбаев  кәсіптік бағдар бағытындағы  көкейкесті ойларын ортаға салып, жастардың мамандықты дұрыс таңдауларына қандай да бір көмек көрсетуде бірлесе атқаратын істің берекелі де тиімділігін ашып айтты.   Қаладағы колледждерден Павлодар бизнес колледжі маМаны У.Е.Атиева, Басқару колледжі маманы Н.Н.Бандарчук, ПМУ колледжінен Б.Е.Қазанғапова, Музыка колледжінен С.С. Шапағатова, Инновациялық көп профильді колледжі

нен  Қ.М. Аманжолова,  Б.Ахмметов атындағы педколледжден А.С.Есжанова, Машинажасау колледжінен

Р.Б.Негманов, ИНЕУ колледжінен П.Қ.Маняпова, ПЭК-тен А.Н.Альжановтармен оқушылар сұқбаты өте мазмұн

ды өтті.  Сонымен қатар мектебіміздің 2009-2010 оқу жылындағы түлегі, бүгінде ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академиясының І курс қатардағы  курсанты Дәурен Шыныбетұлы Айткулов өзі білім алып жатқан академияның оқу процесі туралы айта келіп, оқуға қабылданатын жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша 17-ге толмаған азаматтар қабылданатын жеткізді.Академия түлектеріне ҚР қылмыстық – атқару жүйесі органдарында жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік берілетінін айтты.

 

Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда ата- аналардың өз перзенттерінің мамандық таңдар алдында көптеген қиыншылықтарға кездесетінін айтып жатады. Сондықтан ата-аналардың да осы жиында атсалысу қолға алынды. Мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс- қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс- әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата-аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата- аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып ,өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет. Мектеп директоры Т.К. Нөгербаев осы бағытта жұмыстың мазмұнды болуына көбірек көңіл бөлетінін айтты. Осыны мақсат еткен жас мамандармен болған кездесудің оқушылардың мамандық таңдауына үлкен ықпал ететінін көрдік. Енді сәуір айынан бастап оқу жылының соңына дейін оқу орындарында өткізілетін ашық есік күндеріне оқушылардың баруын ұйымдастыру секілді үлкен маусымда сынып жетекшілердің қажырлылығын тілеп қаламыз. Әрбір мектеп түлегінің өмірде өз орнын тауып, кірпіш болып қалануы - бүгінгі білім жүйесінің басты мақсаты.

Дана Тулеубайқызы СЕРИМБАЕВА,

Директордың тәрбие бойынша орынбасары.