Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ана-сарқылмайтын күш
19-04-2011 09:56
Ана-сарқылмайтын күш

       Адам баласының бәрі де анадан туады. Ғалым да, ақын да, жазушы мен дәрігер де,құрылысшы мен шопан да ананың балалары. Ана-жарық дүниеге өмір сыйлаушы жан. Сондықтан да ол-қасиетті,қастерлі.

      Ананың балаға деген мейірім, махаббаты теңіздей терең, аспандай биік, оттай ыстық, күннің нұрындай шуақты. Ана баласы үшін бәріне де дайын, тіпті отқа да, суға да түсе алады. Оны біз Ғ.Мүсіреповтың ана жайлы шығармаларынан да көре аламыз. Оның “Ананың анасы”,”Ашынған ана”,”Ананың арашасы”,”Ер ана”,”Ақлима”атты әңгімелерінен ананың баласына, адамзатқа деген шексіз махаббаты мен асқан ерлік істері суреттеледі. Ана махаббаты, сүйіспеншілігі жер жүзін жаулап келе жатқан қаһарлы әмірші  Ақсақ Темір мен Жалпақ батырға қарсы шығып, тізе бүктіртеді. Тіпті: ”Менің атым-әйел, мына қыздың анасымын! Бәрін де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда? Кел ботам, өзіме!”-деген сөздермен жауын тұқыртып, баласын құтқарады.Бұдан ана бойындағы махаббатты ғана емес,

сарқылмайтын алып күшті байқауымызға  болады.

      Иә, ана бойындағы махаббат пен алып күшті еш нәрсемен салыстыруға келмейді.Ана  сияқты бала да өз анасын жақсы көреді. Мен үшін дүниеде анадан қымбат, анадан артық ештеңе жоқ. Анам мені жарық дүниеге әкелді, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін беріп, мәпелеп өсірді. Қай кезде болмасын қасымнан табылып, үнемі ақыл-кеңес айтып отырады. Менің болашақта білімді, тәрбиелі, үлкен азамат болғанымды қалайды. Мен де анамды қатты жақсы көремін, ешқашан ренжітпеуге тырысамын. Анамның ақ сүтін ақтау-парызым. Сол парызымды орындағым келеді. Адам болғым келеді.

                                                           Әлішер ТАЙМЫСОВ,    7”в”сынып оқушысы