Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ана тілім – ардағым
19-04-2011 11:24
Ана тілім – ардағым

   Ананың тілі , ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес терең теңіз секілді емес пе?! Па, шіркін, ананың айналып толғанғанын ешкім де ұмытпас. Шырылдап жерге түскеннен –ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ұстазың, сүйенішің болған ананы сүймейтін жан жоқ шығар. Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып жабысатының , шырылдап, уанбай жылап іздейтінің – ана. Иә, анаға деген махаббат құндақта жатқан күніңнен –ақ басталады. Сондықтан ана десе толқымайтын көңіл, туламайтын жүрек кемде-кем. Ана тілі сол ананың ақ сүтімен алғаш рет балаға дариды.  Ананы, ана тілін қадірлеу – қанымызға сіңген қасиет. «Ана тілің – елдігің, жаның, тәнің, жыр – әнің, Бақытың, сенің-теңдігің, өз дауысың, ұраның»- деп ақындарымыз

жырлағандай, халықтың мәңгі ғұмыры –оның тілінде екендігін ешқашан да ұмытпауымыз қажет.  Әрбір тіл өзінің халқы үшін –ҰЛЫ!  «Ақыл көркі- тіл, тілдің көркі – сөз»  Олай болса анамызды, сол анамыздан бойымызға дарыған ана тілімізді қадірлей білейік!

Жанаргүл КАЙЫРБЕКОВА,

9 «в» сынып оқушысы.