-Сәуір айының 21-жұлдызында күні «Ағаштар, жасыл желектер» және «Құстарға қамқор болайық» атты онкүндік те мазмұнды өтті. «Жігер» еріктілер тобы бастаған оқушылар көктемгі іс-әрекеттерін құстарға ұя жасаудан бастады.
Ұяларды құстарға ыңғайлы етіп, ағаштарға орналастырды. Әсіресе осы шарада
9 «в» сынып оқушысы Касымов Айзаттың белсенділігін ерекше атап кетуге болады;
11.04-21.04 аралығында «Табиғат- тіршілік бастауы» атты биология-химия-география пәндерінің онкүндігі өтті. Онкүндік өте қызықты болды. Оқушылар өз шығармашылығын, топпен жұмыс жасауды, білімділіктерін көрсетті. Атап айтатын болсақ, М.Ш.Жанабаеваның ұйымдастыруымен «Көктем шақырады» атты онкүндіктің ашылуы болды.
Е.К.Баязитов басшылығында «Құстарға қамқор болайық!» құстарға ұя ілу шарасы жүзеге асырылды. «Білім мен парасат сайысы» 7 сыныптар арасында өтіп, бас жүлде 7а сыныбы, 1-ші орын 7 б сыныбы, 2-ші орын 7 гсыныбы,3-ші орын 7 в сыныбы иеленді. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 6 сыныптар арасындағы сайыс А.Ж. Отарова ұйымдастыруымен өткізілді. І орын 6 в, ІІ орын 6а, ІІІ орын 6б сыныбы иеленді.
«Табиғатты аялайық» тақырыбында оқушылардың шығармашылық сайысын Н.Т.Байзуллина өткізсе, 5 сыныптар өсімдіктер туралы қабырға газеттерін , 6 сыныптар жануарлар туралы қабырға газеттерін шығарды, қорғады. 7 сыныптар альбом , 8 сыныптар буклет жасап, қорғады. «Жаратылыстану әлемі» тақырыбында 5 сыныптар арасында сайыс М.Ж.Рысбаева ұйымдастырды. «Табиғат-тіршілік бастауы» онкүндіктің жабылу кеші мазмұнды өтіп, жабылу кешінде ән шырқалып, оқушылар марапатталды.