Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№19 ЖОББМ-і бойынша «Ақ көгершін» сауықтыру лагерінің АНЫҚТАМАСЫ
28-06-2011 05:22
№19 ЖОББМ-і бойынша «Ақ көгершін» сауықтыру лагерінің АНЫҚТАМАСЫ

№19 ЖОББМ-і бойынша «Ақ көгершін» сауықтыру лагерінің

АНЫҚТАМАСЫ

«Ақ көгершін» сауықтыру лагері денсаулық тұсында бағытталған «Айболит» атты кішігірім лагерь 2маусыммен 22маусым аралығында, оқушылардың денсаулығын нығайту жағынан көп көңіл бөлініп, жақсы демалу үшін әртүрлі шаралар қамтылыпөтті. Лагерде 8 топ, 8 ойын бөлмесі, 5ұйқы бөлмесі ашылды. 1-топ «Қарлығаш» тобы,тәрбиешілері: Нұрпейісова Ә.Н., Арынова Д.Қ. (16 бала), 2-топ «Дәрумендер» тобы, тәрбиешілері: Масалимова Г.Т., Адамбаева С.С.(21 бала), 3-топ «Шымыр» тобы, тәрбиешілері: Шаханова Н.Т., Арғынбай Ш.С. (24 бала), 4-топ «Күншуақ» тобы, тәрбиешілері: Жакупбаева Г.Ө., Тұрғамбекова  Т.Ғ.(24 бала), 5-топ «Жауқазын» тобы, тәрбиешілері: Султанаева Ш.Т., Исханова Б.С. (21 бала), 6-топ «Қызғалдақ» тобы, тәрбиешілері: Бегалина М.М., Нұржакипова О.М. (25 бала), 7-топ «Табиғат »тобы, тәрбиешілері: Шарипова Қ.Ж., Кенжегалина А.А. (16 бала),8-топ «Атамекен» тобы, тәрбиешілері: Адильбекова А.М., Мейірханова А.Ө(19 бала). Және те «Даярлық» тобына 25 бала қатысты,мұғалімі Абдрахманова Г.К. оқушылардың сауатын ашып, оқуға, білімге үйрете білді.(35 мин. Сабақ 10 мин. Сергіту сәті өткізілді). Дене тәрбиесінің жетекшісі: Рахимов Б.К.ір түрлі спорттық шаралар өткізді, Садвакасов Е.К. ЛФК тобымен жұмыс жасады. Музыка жетекшісі: Армиянов Т.У., Аязбаев Ә. Хореограф: Мұсабаева Ж.Е., кітапханашы: Ибраева Ш.К. №6, №8, Обл. балалар кітапханасына саяхат жасады. Информатика үйірмесінің жетекшісі: Тұрғанбекова Т.Ғ. оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тиімді, мазмұнды шаралар өткізді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Жалпы лагерге 174 оқушылар қамтылды, оның 38 аз қамтылған отбасынан (оның ішінде 5-еуі жетім бала және 1 бала шағын орталық оқушысы).

Лагерьдің салтанатты ашылуын аға тәлімгер Кенжегалина А.А. ұйымдастыруымен өтті.  Балаларды ойнатып, олармен би билеп, суретке түсіп, көңілдерін көтерді. Шараға барлық топтар қатысты.

Барлық топтармен мед. іс-шаралар: аяқтарына массаж,ауа дауасы, кун дауасы мед. бикенің басшылығымен өтті. Күнделікті дәрілік шайлар ішілді, сонымен қатар реб. Центрге балалар тістерін емдеуге апарылды.

          «Қарлығаш» тобы күнделікті мед. шараларға уақытында барып отырды. Мектеп тарихымен танысу мақсатында «Атамұра» мұражайына саяхатқа апарылды.Мұнда Күзембай Е.Т. қызықты да, тартымды әңгіме айтып берді. «Нептун» бассейніне барып, жақсы демалып қайтты. ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай «мемлекеттік рәміздерім» атты әңгіме жүргізді. Қ.Әбусейітов ат. мәдени-сауықтыру орталығына, Ж.аймауытов ат. қазақ драма театрына барып, ертегі көріп келді. «Дәрумендер» тобы ұйымдастырған «Дәрілік өсімдіктер» атты шараға қатысты. «Ақылдылар, көңілділер» атты сайыс өткізді.                  

 «Дәрумендер» тобы күнделікті мед. шараларға уақытында барып отырды. Облыстық тіс емдеу емханасына 19 бала барды. Амантай Расул реаб. орталыққа емге апарылды. Жеке, арнайы топқа 2 оқушы қатысты. Олар: Жақсылық Камилла, Акимжанов Санжар. Масажға Акимжанов Санжар барды. «Нептун» бассейніне, Ш. Айманов ат. кинотеатрға, Қ. Әбусейітов ат. мәдени-сауықтыру орталығына, «Бұхар жырау» мұражайына, №2 музыка мектебіне, №8 ұлттық кітапханаға, «Карабас» ойын-сауықтыру орталығына саяхатқа апарылды. Топ ішінде де әртүрлі тәрбие сағаттары, ойындар өткізілді. «Жол жүру», «Өрттен қорғану» жөнінде проф. топтың оқушыларының ұйымдастырылуымен өткізілді.

«Шымыр» тобы күнделікті мед. шараларға уақытында барып отырды. Облыстық тіс емдеу емханасына 3-4 бала апарылды, 6 бала массажға барды.

Сонымен қатар «Көңілді бағдаршам», «Денсаулық әліппесі», ҚР  рәміздері, ҚР тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай тәрбие сағаттары өкізілді. Сурет салудан көрме ұйымдастырылды.

         «Күншуақ» тобы күнделікті мед. шараларға уақытында барып отырды. Облыстық тіс емдеу емханасына 10 бала апарылды (Көшербаев Б., Өмірбек А., Ақпар А., Теміралин А. Тыштыкова К., Ералов М., Жұмагелді Д. Тустукова Ә., Өмірбек Р.), 2 бала (Тюлюбаева к., Бекболат А.) реаб. орталыққа емге апарылды. Ғабдолла А., Сәлкен Ә., жеке артнайы топпен жаттығуға қатысты. Сонымен қатар мектептен тыс мекемелерге саяхат жасап, мектеп ішіндегі шараларға белсенді қатысты.

         «Жауқазын» тобы күнделікті мед. шараларға уақытында барып отырды. Облыстық тіс емдеу емханасына 10 бала апарылды. Сонымен қатар мектептен тыс мекемелерге саяхат жасап, мектеп ішіндегі шараларға белсенді қатысты.

         «Қызғалдақ» тобы күнделікті мед. шараларға уақытында барып отырды. Облыстық тіс емдеу емханасына 6 бала апарылды. Олар Сүлеймен О., Мусакеев А., Мұхаметжанова Д., Беркимбаева Т., Жиентаев Ә., такетаева Л. Жеке арнайы топқа 3 бала қатысты. Олар Шеген Д., Кеңесбаева М., Жиентаев Ә. Сонымен қатар балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру да мектептен тыс мекемелерге саяхат жасап, мектеп ішіндегі шараларға белсенді қатысты.

         «Табиғат» тобы күнделікті мед. шараларға уақытында барып отырды. Облыстық тіс емдеу емханасынабалалар апарылды. Сонымен қатар балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру да мектептен тыс мекемелерге саяхат жасап, мектеп ішіндегі шараларға белсенді қатысты.

Жакупова А.Е.  оқушылардың арасында «Асфальттағы суреттер» сайысын ұйымдастырды. Оқушылар қызығушылықпен сурет сала білді.

Мектеп жанындағы спорт алаңында Рахимов Б.К., Садвакасов Е.К. ұйымдастырылуымен әр түрлі спорттық шаралар өткізілді.(футбол, пионербол, эстафеталық ойындар)

Психолог Шегір С.Ж. ұйымдастыруы бойынша топтар арасында әртүрлі психологиялық тренингтер, тестер, сайыстар өткізілді.

Жазғы демалыс кезіндегі барынша оқушылардың денсаулығына ерекше көңіл бөлініп, жас өспірімдердің бос уақыттарын жас ерекшелігіне байланысты тиімді, мазмұнды ұйымдастырылуының арқасында «Ақ көгершін» сауыртыру лагері қойылған мақсатына жетті.

 

Лагерь бастығы :                                  Жакупова А.Е.