Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті
06-09-2011 09:46
1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

 

№19 жалпы орта білім беру мектебінде 2011жылғы қыркүйек айының 1-жұлдызыкүнібілім күніне арналған салтанатты жиын өтті.Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған  шәкірттер мен ұстаздар қуанышында шек жоқ.

                         Бүгін қандай шаттық тола күн еді

                      Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

                      Балапанын жетектеген ата-ана

                       Қуаныштан жарылардай жүрегі

                       Білім көзін ашатынын біледі,- деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін дегенжүрек жарды тілектер айтылып жатты.

         Салтанатты мерекемен құттықтау үшін мәртебелі қонақтар да келді. Олар: Облыстық диогностика орталығы  бас дәрігері Рунар Мубәрәкұлы Тулегенов,Жол полициясының аға инспекторы Сұлтанбек Анисұлы Ахмединов және де өзіміздің сүйікті ардагер ұстаздарымыз бен құрметті ата-аналар.

            Мектеп директоры құрметті де қадірлі Төлеген Кәкімұлы Нөгербаев ұстаздар мен шәкірттерді алғашқы білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында білім ордамыздың тек биіктен көрінуіне атсалысуға шақырды. Сонымен қатар  салтанатты жиынымыздың қадірлі қонағы Рунар Мубәрәкұлы Тулегенов те ізгі тілектерін білдіріп, мектеп ұжымына 1938-2008 жылдар аралығын қамтыған Павлодар облысының хронографын естелік сыйлық ретінде тарту етті. Асылбекова Мариям, Нұрбаева Айдина секілді бүлдіршіндер әсем әнмен көпшіліктің көңілін көтерді.Ортада 1-сыныпқа қадам тастаған балапандар жүрек жарды тақпақтарын айтып ойыншықтармен қоштасу сәтін жасады. «Қадамдарың құтты болсын. Бүгінгі көрсетілер құрметтің биігі де сендердікі!»  -деген ақ әжелер шашуы шашып, аталар ақ батасын берді. Бірінші сыныпқа шәкірттер қабылдап отырған ұстаздар атынан құрметті Айгерім Нұрқайдарқызы Нұрпейісова шәкірттеріне білімнің ақ жолын тілеп, ата-аналарды қуаныштарымен құттықтады. Ізгі тілекпен , шын жүректен балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымыз атынан  қадірлі Мұстафа  Ыбырайханұлы Асылбеков мектепке ризашылығын білдіріп, шәкірттердің үлкен азамат болуын тіледі.

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылды.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылды.

            Алғашқы қоңыраусоғу салтанаты мектебіміздің озат оқушылары, білімді түлектер:    

Абдыханова Асем,Болатова Мөлдір, Аксакова құралай, Аманбай Құралай және бірінші сыныпқа қадам тастағалы тұрған бүлдіршіндер: Жұмабаева Дария, Әйтәй Дария,Төлегенова Анель, Қайдар Мәликаға тапсырылды.

            Көпшіліктің назарын аударған, білімді де талапты шәкірттер Қызылбаев Арман мен Каримов Абдусабит басқаруында, нағыз ұлтжанды шәкірттеріміздің қолдауымен «Білімнің кемесі» 1 сынып бүлдіршіндерін  Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында білімнің асуына жетеледі.  Шәкірттерге арналған  «Тәуелсіз Қазақстан. Ынтымақ, бірлік пен жасампаздыққа 20 жыл»  атты алғашқы сабаққа мазмұнды өтті.

Жол полициясы басқармасының аға инспекторы Сұлтанбек Анисұлы Ахмединов сынып сағаттарына қатысып, жолда жүру ережелеріне арналған буклеттер таратты.      

Біліммен асып тасайық

Тілеуін берсін көк көптің.

Тілекпен осы аштық біз,

Есігін алтын мектептің

Білім күні құтты болсын!!! Шәкірттеріміз білім шыңының биігінен көріне берсін!!!

 

Қаламқас Байдуллақызы Шулбаева, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары.