Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! Он екі мүшелдің бірі - ҰЛУ туралы білгіңіз келе ме?
02-02-2012 10:46
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!  Он екі мүшелдің бірі - ҰЛУ туралы білгіңіз келе ме?

Қазақтардың наным, сенімі бойынша: «Ұлу – суда өсетін жәндік. Яғни, бұл жылы астық, шөп мол болады. Жыл ұлу тәрізді жұмсақ, жайлы». Алайда, тарих тереңіне бойласақ, ұлу жылында да қиындықтар өтеді көп болған кездер бар. Мұсылман күнтізбесі бойынша, Ұлу жылына туған жылы тұспа-тұс келетін адамдарға берілген баға мынандай: «Ұлу жылғылар. Үлкен істерді атқару қолынан келеді, тұйық мінездің адамы, көбінесе үнсіз жүруді ұнатады; барынша қарапайым көрінуге тырысады. Байсалды, істі өз ақылымен, оңаша шешуге бейім, құпияны сақтай біледі». Иә, Ұлу жылы туғандармен тіл табысу оңай. Олар көпшіл, достық қарым-қатынас орнатуға бейім. Қолда бар мүмкіндікті босқа жібермейді, өте шыдамды, өзгелердің пендәуи қылықтарына кешіріммен қарайтын, өз басындағы мәселелерді достарымен бөлісуге дайын жандар, тілі шешен.

 

Жаңа жылғы киім

            Көп адамды қатты ойландыратыны осы мәселе. Астрологтардың жаңа жылдық киімге байланысты ойлары екіге бөлініп отыр. Бірі: «Жаңа жылдық киім міндетті түрде қара түсті болуға тиіс», - десе, екіншісі: «Жаңа жылдық киімнің қара мен алтын тәріздес екі түстің ортасында болғаны дұрыс», - дейді. Алайда олардың қай-қайсы да 2012 жылды жарқырап тұрып киініп қарсы алуды құптайды. Жұлдызнамашылардың пікірінше, егерде Сіз Ұлуға өзіңіз өмір сүріп отырған жарық дүниеге ғашықтығыңызды көрсетіп қалсаңыз, жыл бойы өзіңіз қалағандай тірлік кешетін боласыз. Ол үшін Сізге жарқырап тұрып киініп, жарқырап тұрып Жаңа жылды қарсы алу қажет.

            Әйелдерге кеңес: шашыңызды жалтырақ лакпен көмкеріңіз, егерде көйлегіңіз ашық болса, иықтарыңыз да жалтырап тұрсын. Түрлі-түсті, алтын-күміс түстес лағыл моншақтарыңыз болса, оны міндетті түрде тағып алыңыз. Ең бастысы, жыл бойы осы көңіл күйден арылмаңыз. Мұны айдаһар жақсы көреді.

Дастархандағы тағамдар

            Жаңа жылды қарсы алу кешінде дастарханыңызда қарапайым тауық етінен бастап, Шығыс асханасына тән мәзірдегі түрлі тағмдардың болғаны жөн. Ең маңыздысы, әзірленген тағамдарға бұрыш, қалампыр, базилик секілді дәмдеуіштерді себуді ұмытып кетпеңіз. Дастарханды сәндегенде балауыз шамдарды да жағып қойыңыз. Дастархан үстіндегі ас мол болғанымен, тамақты шектен тыс көп ішіп, жемеңіз. Жаңа жылдың дастархан мәзірінде міндетті түрде балық болсын. Оны қуырып, немесе пеште дайындап, дастарханға қояды. Үйіңізде бұрыннан желінбей қалған тағам болса, оны Жаңа жылдың дастарханының үстіне қоймаңыз.

            Жаңа жыл құтты болсын! Ұлу жылы отбасымызға, Отанымызға мол береке, бірлік, қуаныш-қызық сыйласын. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!