10.02.2012 ж. оқушыларға «Шығармашылық бос уақыт қамту орталығы» қабырғасында КЖТІБЕ/МІЕ және «қауіпті» топта тұратындарға арналған дискуссиялық сағат өткізілді.
Балалардың алдында Павлодар қаласының прокурорының көмекшісі Белова Елена Евгеньевна сөз сөйледі. Әңгіменің барысында жас өспірімдерді қызықтыратын көп сұрақтары туындады. Қала мектептерінің психологтары мен шығармашылық бос уақыт қамту орталығы қызметкерлері оқушылар арасында тренингтер өткізіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен шықты.