Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
БІРІНШІ БАЙЛЫҚ -ДЕНСАУЛЫҚ
30-03-2012 09:08

           Дені сау азаматтар – мемлекеттің ең бағалы капиталы.

                                                                                (В.Комат)

             Кез – келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі- дәлелдеуді  қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты.  «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру – баршаның борышы.

             «Бірінші байлық  - денсаулық» деген ел ішінде есті сөз бар. Дені саудың – жаны сау. Әрине, деніңіз сау болмаса, рухани сауыға алмастық тағы бесенеден белгілі. Бүгінгі дені сау ұрпақ – ертеңгі күннің жалғасы.  «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деген  өсиет сөз өсер елдің баласына сабақ болар.Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулықты сақтау – біздің өмірімздегі келелі  мәселелердің, үшінші мың жылдыққа аттаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.   Жеке адамның да мемлекеттің де, қоғамның да басты байлығы – денсулық.

             Соңғы жылдары кеңінен насихатталып жүрген Приферші Ивановтың сауықтыру жүйесімен шұғылдануы – он бойымызды сергек сезініп, ауырып – сырқамаудан сақтайтын тәсіл болып келеді.   Су, ауа,табиғат, жер адам баласының тәні мен жанын сауықтырып,  жақсартатын, ауруға қарсалықты арттыратын қасиетті күш екеніне сенетіндер де көп.

             Мезгіл – мезгіл дәрігерге көрініп, денсаулығын тексеріп, онымен кеңесіп тұру, медицина мен санатория мәселелерінен хабардар болу әрбір адамның қоғамдық та, азаматтық та міндеті. Ендеше әр адамның денсаулығы, оның өзінің ғана емес, халқымыздың да ортақ байлығы. Осыған орай мектебімізде  сынып оқушыларын медициналық тексеруден өткізу науқаны да басталып кетті. Мектеп медбибісі Кокумбаева Айман Сыздыкқызы 5-7 сынып оқушыларының осы науқанда толық қамтылуын қадағалап, өз жұмысын жүйелі түрде атқарды. Тынымсыз еңбегінің арқасында оқушылар денсаулығы анықталып, кейбір оқушылардың қайта тексеруден өту қажеттілігі сынып жетекшілер арқылы  ата-аналар хабардар етілді.

             Көнілдің хошы, еңбектің өнімділігі, адамның бақытты да ұзақ өмір сүруі, ең алдымен десаулығына байланысты, ол денсаулықтың ойдағыдай болуы медицинаның негізгі талабын сақтап, кеңесін орындауға келіп саяды. Сондықтан салауатты  -өмір салтын сақтау  үшін дене шынықтырумен шұғылданып, дұрыс тамақтануға ерекше көңіл аударайық!

 

Гүлсім Егінбайқызы ШАЙМЕРДЕНОВА, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.