Ұстаз болу- барлық адамның қолынан келе бермейтін іс. Әр баланың тілін тауып, аялап әлпештеп әрі оларға білім мен тәрбие беру жауапкершілікті қажет етеді.
Мен дүние есігін ашқаннан кейін алдымен ата-ананың тәрбиесінде боламын. Кейін балабақшада тәрбиешінің, ал мектепте ұстаздың тәрбиесін көремін. Ұстаз бізге оқу, жазу үйретіп алға жетелейді.Оқушыларының өте білімді, тәрбиелі, үлкен азамат болуын тілейді.
Мен қазір 4"Б" сыныбында оқимын.Бастауыш сыныпта бізге Гауһар Мүбаракқызы сабақ береді. Алғаш жазу, сызуға үйретіп, өз балаларындай етіп тәрбиелейді.Гауһар апай жылы жүзді, ақкөңіл, еңбексүйгіш ұстаз. Ол кісінің тұлғасы маған үлгі іспетті. Гауһар Мүбаракқызы оқушылардың жанашыры. Барлық пән мұғалімдері осы адамдай болса ғой деймін. Біз үнемі осындай ұлағатты ұстаздардың ақылын тыңдап, тәртіп бұзбауға, жаман қылық көрсетпеуге тырысамыз. Сондықтан да ұстаздарды анамыздай сыйлап, құрметтеуге тиіспіз.
Сания УВАИСОВА, 4 «б» сынып оқушысы.