22 қаңтар 2013 жылы №19 жалпы орта білім беру мектебінде Экология айлыққа орай 5 сынып оқушылар арасында «Экология Виктаринасы» сайысы өтті. Бұл сайысқа әр сыныптан 10 оқушы, яғни 5 ұл, 5 қыз қатысты. Оқушылар өздеріне топ атын, формасын, эмблемасын және бір музыкалы және шығармашылық номер дайындады. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең - сұрақтарға жауап бер (әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі), 2 кезең- мақалдың екінші бөлігін ребусты шеше отырып тап, 3 кезең - қазақсатнның қала, жер-су аттарын табу. Әрбір кезең арасында бір сыныптың дайындаған музыкалық, шығармашылық тапсырмасын тыңдадық. 5 а сынып «Ертегілер әлемі» әнін орындаса, 5 б сынып «Туған жер» әнін, ал 5 в сынып «Менің жерім» өлеңін мәнерлеп оқып шықты, 5 г сынып оқушысы «Табиғат-менің үйім» өлеңін паш етті.Сайысқа оқушылар қызығушылығын ояттық. Әр бір қойылған сұраққа мұқият тыңдап дұрыс жауап беруге тырысты. Сайыс соңында 5 г сынып 18 ұпаймен І орын иеленді, 5 а сынып 17 ұпаймен ІІ орын, ал ІІІ орынға 5 б сынып 16 ұпай, ал 5 в сынып өкінішке орай 14 ұпай.
Аға-тәлімгер: Кунтуган А.