Павлодар қаласы № 19 жалпы орта білім беру мектебінде 2013 жылдың 19 сәуірінде Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығын кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қалалық «ҮІ Мәшһүр-Жүсіп Көпеев оқулары» және 23 сәуір күні облыстық «Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» форумы өтті. Оқулар және форум ІІІ бағытта: І бағыт: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» - мәнерлеп оқу сайыс; ІІ бағыт: «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» - ғылыми жобалар сайысы; ІІІ бағыт «Білімді, зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» философиялық эссе жазу сайысы. № 19 жалпы орта білім беру мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Мунсызова Айжан ІІІ бағыт «Білімді, зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығы бойынша өз ой-толғамдарын жүйелі де, мазмұнды жеткізе білді. Білім мен ғылымның ақын және адам өмірінде алатын орнын айқын да нақты көркем тілмен жеткізіп, , облыстық сайысқа жолдама алып, облыстық сайыста да жеңімпаз атанып, жүлделі орынға ие болды. Айжанға әрдайым биік шыңдардан көріне бер демекпіз!
Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығы