Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 65 ЖЫЛ
11-04-2010 18:00
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 65 ЖЫЛ

Әскери -патриоттық шара өтті.

№19 жалпы орта білім беру мектебінде 2010 жыл сәуір айының 8-жұлдызы, сағат 15.00-де қалалық «Жеңіс алауы» әскери-патриоттық шарасы өтті. Мектеп ғимаратында «Ұлы жеңіске 65 жыл», «Жеңіс жолы» баннерлері, «Мәңгі алау» бұрышы І қабатта, мәжіліс залында ұйымдастырылды. Аталмыш шараға ҰОС ардагерлерінен Ғабдулла Ибрагимұлы Мусинов және Мария Капсаттарқызы Капсаттарова , «НҰР-ОТАН» ХДП филиалының бірінші орынбасары Арман Ержанұлы Алиакбаров, ҚББ АӘД және спорт бөлімінің бас маманы Қадырбек Сатыбалдыұлы

Раисов , 19 қала мектептерінен 20 мұғалім, 200-ге жуық оқушы қатысты.

Өскелең ұрпақ бойында Отан үшін от кешкен ҰОС ардагерле

ріне деген мәңгілік құрмет қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан патриоттық шарада ардагерлерді «Қонақтарға құрмет» дәлізі арқылы 70-тен аса оқушы бастарын иіп, үлкен құрметпен қарсы алды. «Соғыс аяқталғалы көп жыл өтті» тақырыбындағы әдеби компазициямен шара өз жалғасын тапты. Мектеп оқушылары дайындаған сахналық әуенді қойылым тыңдарманның жүрегіне жетіп, көздеріне жас алдырды. Соғыс жолының қаншалықты ауыр да, мұңды болғандығын бір сәт естеріне түсіріп , бүгінгі тәтті өмірдің оңайлықпен келмегеніне тағы да бір рет көз жеткізді.

Қонақтар, мектебіміз директоры Баян Ғайсанқызы Суханкулова ардагерлерге өз қошеметтерін білдіріп, ұрпаққа өнеге болатын ерліктері үшін шексіз алғыстарын жаудырды . Тәрбиелік шара соңында АӘД мұғалімі Ахат Сыздықұлы Сыздыковтың үздік шәкірттері Зейкенов Нұрсұлтан және Ботаев Алтынбек

«ЖЕҢІС АЛАУЫН» №21 орта мектеп оқушысына салтанатты түрде тапсырды.

Сұм фашист бейбіт елді болса құртпақ,

Алды-арты құрыш қамал тұрды құрсап.

Жау жеңілді, сол жеңіс арқасында,

Өсті, ер жетті бүгінгі батыр ұрпақ.

Бейбіт ел қанат жайып өсер, ерлеп,

Адамзат адал ойлы бізге сенбек.

Жақтаған бейбіт күн мен әділетті

Жастарың ұлы мақсат іздей бермек!

Ерлік рухы мәңгі өшпейді!!!

Қаламқас Байдуллақызы ШУЛБАЕВА,

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары