Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тєрбие жұмысына арналған педагогикалық кеңес
03-04-2009 18:00
Тєрбие жұмысына арналған педагогикалық кеңес

Наурыз айының 27 күні №19 жалпы орта білім беру мектебінде тәрбие жұмысына арналған пед. кеңес болды. Педкеңес тақырыбы:

Тұлғаның танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын интеллектуалдық іс-шаралар негізінде қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Педкеңестін барысы:

1. Ұстаздарды күтіп алу жєне парақтарды тарату, соған сәйкес отыруын қадағалау.

2. Музыка әуенімен тақырыпқа шығу. Ойнап тұрған күйге сәйкес :

«Ақжол» ауылы – эссе жазады;

«Береке» ауылы – сурет салады;

«Ынтымақ» ауылы – көрініс қояды;

«Мереке» ауылы - өлең шығарады;

«Достық» ауылы – пантамимо қимылдарын жасайды.

3.Педкеңесітің тақырыбы оқылады.

4.Өткен жылғы педкеңестің шешімі қайта қаралып, талқыланады.

Педкеңестің І бөлімі:

-Баяндама: «Тұлғаның танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын интеллектуалдық іс-шаралар негізінде қалыптастыру жєне дамыту»

Баяндамашы: ДТЖО Шулбаева Қ.Б.(7-8 минут)

Үйірме жұмыстарының есебі (әр үйірме жетекшісіне 3 минуттан беріледі):

1. «Актерлік өнер» үйірмесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тұрсынова А.Ќ.

2. «Қылқалам» үйірмесінде оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сүлеймен Қ.Ш.

3. «Мәшһүртану» сабаќтарында оқушылардың қызығушылықтарын интеллектуалдық іс-шаралар негізінде қалыптастыру. Сулеева Г.С.

4. «Шебер қолдар» шыңармашылық үйірмесінде оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Займолда К.

5. «Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру барысында оқушылардың қызығушылықтарын интеллектуалдық шаралар негізінде қалыптастыру».

Нұрахметова К.Ш.

6. «Мұрагер бағдарламасын оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Дудургова Ж.Б.

7. «Компьютерлік ақпараттандыру арқылы оқушылардың интеллектуалдық

қызығушылығын арттыру» Ахметкалиева А., Тұрғанбекова Т.

8. «Сынып оқушыларымен атқарылатын тєрбиелік шараларда оқушылардың

интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту» Рысбаева М.Ж.

-Тренинг: «Қазіргі заманғы ауылдағы дағдарыс»

Пед.кеңестің ІІ бөлімі:

-«Асық» ойыны арқылы тақырыптар таңдау, модельдер құрастыру(10 минут):

1. Құқықтық-патриоттық тәрбие

2. Эстетикалық талғамды дамыту

3. Экологиялық тәрбие бағыты

4. Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру

5. Адамгершілік-имандылық негіздерін оқушылар бойына сіңдіру.

-Модельдерді қорғау(10 минут)

-Берілген кестені толтыру(5 минут)

-Педкеңестің шешімін шығару(3 минут)

-Тренинг «Меніғ бүгінгі көңіл-күйім»

-Ауылдар арасында тармақтар бойынша ән орындау арқылы педкеңесті аяқтау.