Достық-достықты шақырады!
Мектебіміздің 11 сынып оқушылары « Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Бір шаңырақ астында» атты Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерімен кездесу кешіне қатысты. Достық үйімен, түрлі мәдени орталықтардың жұмысымен танысты. №19 мектебінің орыс-тілі мұғалімі Иванова Венера Альфредовна мұғалімдіктен тыс «Татар-Башқұрт » мәдени орталығы басшысының орынбасары екенін тілге тиек ете отыра, екі жұмыстың да маңызды екеніне тоқталды.