Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23 8775 456 82 92
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі - сағ. 15.00-17.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Кездесудің берері көп...
24-04-2016 02:26
Кездесудің берері көп...

№8 балалар кітапханасында «Павлодар балаларды кітап оқуға шақырады» атты акция аясында өткен шараға Павлодар қаласының көрнекті ақыны, айтыскер, журналист Шолпан Байғалы қатысып, №19 орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Алғашқы сөзді алған кітапхана меңгерушісі Шолпан Байғалықызының өмірбаяны мен шығармашылығынан мәліметтер беріп, оқушыларды ақынмен таныстырды. Кездесу барысында Шолпан Байғалықызының шығармашылығы бойынша көрме де ұйымдастырылды.

Кітапхана меңгерушісі жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, ақын Шолпан Байғалықызына сый-сияпат тапсырып, ілтипат көрсетті. Ақын өз кезегінде №8 балалар кітапханасына тілектестігін білдіріп, «Ай-нұрым менің» өлеңін оқып берді. Кездесу соңында ақын оқушыларға өз қолтаңбасын қалдырып, естелік суретке түсті.