Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата-ананың ақ тілегі
28-03-2010 18:00
Ата-ананың ақ тілегі

Ата-ананың ақ тілегі

Құрметті №19 мектеп ұжымы, мектепте «Үкілі үміт» атты газеттің шыққандығын көріп біз ата-аналар өте қуанып отырмыз. Газеттегі балаларымыздың шығармашылық жұмыстары мен қызықты ойларын, мақалаларын оқып, көңіліміз қуанышта. Еліміздің келешегі болған кішкентайларымыздың кішкентай еңбектері сіздердің газеттеріңіз бетінде шыңдалып, тек биіктен көріне берсін. Біздің балаларымыз, сіздер дің шәкірттеріңіз білімді де саналы азамат болсын, еңбектеріңізді ақта лып, өз жетістіктері арқылы мектептің абыройын көтере берсін. Үкілеген үміттеріңізге көз тимесін. Қадірлі балаларым, сендерге беріліп отырған бұл мүмкіндікті дұрыс пайдалана біліңдер! Сендердің өз қабілеттеріңді, тілге , елге, ұстазға, ата-анаға деген сүйіспеншіліктеріңді көрсететін, сынап-шыңдайтын «Үкілі үміт» газеті екенін ұмытпаңдар! Ата-аналарың да осыны қалайды.

Құрметті «Үкілі үміт» редакция алқасы, тастаған қадамдарыңыз құтты болсын! Тұнық бұлақтың бастауындай мөлдір сөз саптап, ойдағының орайын таптырып, сындарлы толғаулар мен салалы мақалалар, шынайы пікір мен шырайлы ой жазатын шәкірттеріңіз көбейсін! Алланың рахматы, нұры жаусын!

Ақ тілек , риясыз көңілмен 1 «г» сынып оқушысы Ерік Ескендірдің әжесі Қалжан апайларың.