Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
12-05-2010 18:00
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән Баян Ғайсанқызы секілді ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Сіздің әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзіңізден өзіңіз басшылық жасап отырған білім ордасындағы әрбір ұстаз бен оқушыға деген қамқорлықтың, аналық сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге

ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін

ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Ендеше, Сіздің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! «Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті» , атыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін! 5-мамыр туылған күніңізбен құттықтап, еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға береке тілейміз.

МЕКТЕП ҰЖЫМЫ.