"Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тіл – тірлік үшін"
Үш тіл тұғыры бағдарламасының аясында, №19 мектепте РФ Қазан федералды институтының студенттері мен оқытушылары қонақта болды. Мектеп тарихымен танысып, ашық сабақтарға қатысып, дөңгелек стөлде тәжірибе алмасты. ҚР білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге таңғалыстарын білдірді.