«Бөлінген көшбасшылық-мұғалімнің кәсіби дамуының негізі»
№19 мектепте кезекті педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты – мұғалімдердің мектеп қызметін жетілдіруге және оны жаңа сапалы жағдайға көшіруге бағыттау
Міндеттері: - мұғалімдер дайындығының ғылыми-теоретикалық және әдістемелік деңгейін көтеру;
- бүкіл ұжымды оқу-тәрбие үдерісін ары қарай жетілдіруге жұмылдыру;
- ОТМ ұйымдастыру, айқындау, жалпылау және тарату;
- Алқалы шешім шығару және оны біртұтас ұжымдық қалыптасқан пікір мен мектептің барлық мұғалімдерінің бірлескен іс-қимылының негізінде жүзеге асыру