Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ
31-05-2017 02:27
2017 жылғы 30 мамыр «Қоғамдық келісім» КММ-де Павлодар қалалық маслихаттың хатшысы Зәуреш Қуантайқызы Мұқашеваның 2016 - 2017 оқу жылының интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен және жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдерімен кездесуі өтті. «Сарыарқа жұлдыздары» мерекесінде оқу жылының ең лайықты оқушыларына құрмет көрсетілді. Марапаттау рәсіміне № 9, 14, 16, 19, 22, 25, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, «Стикс» мектептерінен 35 оқушы, 30 мұғалім шақырылды.Кездесу барысында оқушылардың республикалық, халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері туралы ақпарат берілді. Кездесу қала оқушыларының 2016 - 2017 оқу жылындағы жетістіктері туралы бейнефильмнен басталды.
2017 жылғы облыстық пән олимпиадасында қаланың жалпы орта білім беру мектептерінен 59 оқушы қатысты.15 жыл қатарынан Павлодар қаласының олимпиадалық құрама командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын иеленуде. Республикалық, халықаралық олимпиадалардың, республикалық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары - 5 оқушы, облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері - 34 оқушы атанды. Шақырылғандардың ішінен № 22, 33, 35 мектептерінен үш оқушы ЖОО оқу грантының иегерлері.
2016 - 2017 оқу жылының қорытындысы бойынша интеллектуалдық сайыстардағы жетістіктері үшін Павлодар қаласы әкімінің «Сарыарқа жұлдыздары» кубогы дайындалып, құнды сыйлық - ноутбук берілді. Оқушыларды облыстық пән олимпиадасына сапалы дайындағандары үшін 30 ұстаз әкімнің Алғыс хатымен марапатталды.№19 мектептің 9 сынып оқушысы Батырбекова Шынар жеңімпаз оқушылардың санатында. Ал қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Алкеева Гүлсия Саматқызы алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!