Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың қалалық 56 –шы пән олимпиадасының қорытындысы туралы
07-12-2017 09:38
Оқушылардың қалалық 56 –шы пән олимпиадасының қорытындысы туралы

                                     Оқушылардың қалалық 56 –шы
                        Пән олимпиадасының қорытындысы туралы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің 2017 жылғы 25 қазандағы «2017 – 2018 оқу жылында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиада өткізу туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрығы негізінде оқушылардың шығармашылық және оқу-танымдық қабілетін ынталандыру мақсатында 2017 жылғы 7-8 желтоқсанда № 16 мектеп-лицейінде білім бөлімінің №544 бұйрығына сәйкес жоғары 8-11 сыныптардың қалалық пән олипиадасы өткізілді.Олимпиада II кезең бойынша жүргізілді.
         Қалалық пән олимпиадасының алдында мектебімізде қараша айында мектепішілік пән олимпиадасы болып өтті.Әділ –қазы алқаларының шешімімен мектепішілік пәндер олимпиадасының жүлдегерлері қалалық пәндер олимпиадасына ұсынылды.
Қалалық олимпиадаға 10 пән бойынша 8-11 сыныптардың 20 оқушысы қатынасты. Қалалық пәндер олимпиадасының қатысушыларына «Павлодар Дарыны» орталығы олимпиада тапсырмаларын ұсынды.
Апелляциялық комиссия өз жұмысын аяқтаған соң, 2017 жылғы 9 желтоқсанында қалалық олимпиаданың нақты қорытындылары шығарылып,10 желтоқсанда Естай атындағы мәдениет сарайында олимпиаданың мерекелік жабылу салтанатында , қалалық білім беру бөлімінің басшысы Г.Ш.Қадырбаеваның мақтау қағазымен 8 оқушы жүлделі орынға ие болып марапатталды.
Қалалық пән олимпиадсының қорытындысы бойынша
қазақ тілі мен әдебиеті 3 оқушы қатысып үшеуі де жүлделі III орынды иеленді. Олар:9-сынып оқушысы Бауыржанқызы Жанель (пән мұғалімі : Оңғарова Гүлзира Сарыбаевна) ,10-сынып оқушысы Батырбекова Шынар (пән мұғалімі: Алькеева Гүлсия Саматовна) 11-сынып оқушысы Кеңесбай Меруерт (пән мұғалімі:Тұрсынова Бахыткүл Адилхановна)
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 2 оқушы қатысып екеуі де II орынды иеленді.10-сынып оқушысы Сабденова Малика (пән мұғалімі:Мейрханова Айсұлу Өмірзаковна) ,11-сынып оқушысы Бектурганова Самал (пән мұғалімі : Иванова Венера Альфредовна),математика пәнінен Мейрамбек Бағжан III орын (пән мұғалімі:Ульжагалиева Күмісай Жасқайратовна), химия пәнінен 11-сынып оқушысы Каденова Нұрсұлу (пән мұғалімі :Манай Баянсұлу Хуриметқызы), Адам .Қоғам .Құқық пәнінен 11-сынып оқушысы Оразғалина Диана III орынға ие болды. (пән мұғалімі:Байдолда Марат) Бүгінгі таңда Қазақстанның ұстаздарының алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілікті жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! "Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті" десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаздар қауымы.
Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы.
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.
Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде. Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін. Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын. Өмірді ұғынуыңа себеп болатын, тірлікке кіруіңе көмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті аямайтын. Тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар! Еңбектеріңіз осылай бағалана берсін!!!Барлық жүлдегер дайындаған ұлағатты ұстаздарымыз бен пәндер олимпиадасының жүлдегерлерін шын жүректен №19 жалпы орта білім беру ұжымы атынан құттықтаймыз.