Жаңа 2018 жылдың алғашқы айы қаңтардың 13 күні осы жылдың жарқын жобасы кішкентай өнерпаздарымыздың қатысуымен «Жұлдызды сәт» байқауының ақтық сыны өтті. Жұлдызды сәт - оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың асыға күтетін сүйікті мерекесіне айналды. Іректеу кезеңінен өттен 45 оқушы өз өнерлерін жаңа түрде паш етті. Ерекше көзге түскен қазақтың қасиетті аспабы қобызда ойнаған 10«А» сынып оқушысы Сейтбек Аяжан мен домбыра аспабының шебері 9«А» сынып оқушысы Төкен Куаныш. Кішкентай биші өнерпазымыз 2«Ә» сынып оқушысы Ибраева Томирис «Микки Маус» биімен көрерменді таң қалдырды. Көрермен көңілін таба білетін жарқын жүзді жүргізушілеріміз 7«А» сынып оқушылары Джумалинова Дана және Сердалина Назгуль болды. Әр оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды. Келесі жылы осы мерекелік іс шараға өнерлі де өнерпаз оқушыларымызды күтеміз!!!
«Жұлдызды сәт» финал