Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби - сазды кеш өтті.
09-02-2018 17:30
«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби - сазды кеш өтті.

Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-аққойғаны-ай!-деп жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орныққан. Туған күнінің қарсаңында«Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіңе қайтарамын»,- деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби - сазды кеш өтті. Бұл кеште ақынның асыл жырлары оқылып, әсерлі әндері орындалып, тыңдарман қауымын поэзия әлеміне саяхат жасатты. Сонымен бірге, ақын жайлы сыр шертетін бейнебаяндар көрсетіліп, көрермендермен сұрақ-жауап арқылы байланыс орнатылды.Кешіміздің қонағыорыс тілі пәнінің оқытушысы Мақпал Баянқызы ақын өлеңдері орыс тілінде де жырланып, халқының жүрегінен орын тауып жатқанын айта келе, оқушысы Александраның аударма өлеңінкөпшілікке тарту етті.
Мұқағали ақынның жырлары-тіршілік тамырындай мәңгі жырлар.Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Ақынның өзі кетсе де, өлеңі мәңгі өмір сүре бермек.
Осы кешті ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен кітапхана қызметкерлеріне және ИнЕУ колледжінің студенттеріне айтар алғысымыз шексіз.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразбаева Б.Қ.