23 сәуір Дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап – тарих, шежіре» атты кеш болып өтті.
Мақсаты: Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: «Кітап деген ғажап әлем» кітап көрмесі
Кешке бастауыш сынып оқушылары қатысып, «Кітаптар мұңы», «Ауру кітаптар» атты қойылым қойды. Кітап ханшайымы оқушылармен викторина өткізіп, мақал – мәтел, жұмбақтар айтылды.
Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Кітап оқу – білімділіктің белгісі. Кеш соңында кітапхана қызметкерлері оқырмандарын «Үздік оқырман», «Белсенді оқырман», «Белсенді оқырман сынып» сияқты номинациялармен марапаттады. Оқушыларын дайындап, белсенділік танытқан мұғалімдерге алғысымын білдірді. Олар: Абдрахманова Г.Т., Нұрпейсова А.К., Масалимова Т.Т., Жакупбаева Г.У., Арыстанбекова Ж. Огазова Э.
Кітап – тарих, шежіре