Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚР Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне орай мектепте «Алғыр қырандар» қалалық әскери – спорттық шара өтті.
08-05-2018 12:23
 ҚР Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне орай мектепте «Алғыр қырандар» қалалық әскери – спорттық шара өтті.

   ҚР Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне орай мектепте «Алғыр қырандар» қалалық әскери – спорттық шара өтті. Бұл шара айлық шеңберінде жоспарланған ең үлкен жарқын шаралардың бірі болды. Шараға №19,14,36,29 мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысып, күш сынасты. Бұл игілікті істің басы-қасында жүрген «Нұр Отан» партиясының депутаттары Романов Роман Сергеевич және Аубакиров Нағашбек Капарович сияқты азаматтарға алғыс білдіргіміз келеді. Осы мерекелік шараны тамашалаушы көрермендер мен қала тұрғындарын «СОБР» бөлімі мен «Таеквандо» мектебінің тәрбиеленушілерінің қойылымдары ерекше тәнті етті. «Тир – 3Д» аттракционында кез келген үміткер өзінің ату, нысанаға дәл тигізу шеберліктерін айқындауға мүмкіндік алды. Осындай іс –шараларды әскери оркестрдің орындауындағы әдемі әскери әуендер нұрландырып, шабыттандыра түскендей. Шағын мөлтек аудандағы мектеп ұландары әскери – спорттық ойындарға қатысып, өздерінің шымырлығын, шапшаңдықтарын таныта білді. Бұл сайыста №19 мектеп ұландарының жұлдызы жанып, жеңімпаз атанса, екінші орынды №29 мектеп ұжымы иеленді. Мереке соңында ұйымдастырушылар қатысушылар мен көрермендерге нағыз әскери тамақтың дәмін татқызды.
          Осы шағын мөлтек ауданымыздағы соғыс ардагерлері мен еңбек майдангерлерін құттықтау - жыл сайынғы Жеңіс күні мерекесі қарсаңындағы дәстүрлі іс- шарамыз. Биылғы «Тағзым» науқаны депутат Р.С.Романов және Н.К.Аубакиров ағаларымыздың қатысуымен өткізіліп, ардагерлерімізге жас бүлдіршіндеріміз өлеңдерін оқып, құттықтауларын арнады.