Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23 8775 456 82 92
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
среда - 15.00-17.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Мәшһүр Жүсіп кесенесі
14-05-2018 13:03
Мәшһүр Жүсіп кесенесі

Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінің ұстаздары, оқушылары және ата-аналары 12 мамыр күні Баянауыл ауданы Ескелді шатқалындағы Мәшһүр Жүсіп кесенесіне барды. Бұл сапар Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған мектептің «Мирас» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Сапардың мақсаты қасиетті, киелі орынға саяхат жасау, бабалар рухына тағзым етумен қатар оқушылардың рухани-адамгершіліктік, патриоттық сезімдерін және танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталды. Сапар барысында Мәшһүр бабамыздың әруағына тағзым етіп, құран бағышталды. Кесенеден соң Мәшһүр Жүсіптің қайта жабдықталған мұражайында болып, ғұламаның өмірі мен шығармашылығы жөнінде немересі Қажымұқан Пазылұлының өз аузынан көп мәліметтер алды. Оқушылар кесене маңында сенбілік жасап, тазалық жұмыстарын жүргізді, ағаштар отырғызды.
Бұл - мектеп ұжымы мен оқушыларының биылғы оқу жылындағы екінші сапары, Мәшһүр Жүсіп кесенесіне барып, баба рухына тағзым ету мектеп ішінде дәстүрге айналған.