Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Өмірлік таңдау" Республикалық жобасы
23-05-2018 12:14

Өмірлік таңдау – «Самұрық-Қазына» АҚ – «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының 5 өңірінде жұмысшы мамандықтарды дәріптеу жобасы. Бұл бағытта елімізде тренингтер, өндіріс ошақтарына жасалған экскурсиялар мен еңбек әулеттерімен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырады. 

Жоба аясында Павлодар, ОҚО, БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бағытында тренингтер, өндіріс ошақтарына жасалған экскурсиялар мен еңбек әулеттерімен кездесулер ұйымдастырылып, барлығы 36000 оқушы мен олардың ата-аналары және 260 педагог-психолог қамтылған.

Өткізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде ұйымдастырушылар оқушылардың жұмысшы мамандық жайлы білімдерін тексеріп, олардың қызығушылық таныту деңгейін анықтағанн. Айта кету керек, тренингке дейін олар техникалық кәсіпті беделге ие емес, қара жұмыс санатына жатқыса, тренинг өткен соң жағдай әлдеқайда өзгерген.

«Жобаның үздік тренері» байқауының бес жеңімпазы анықталды. Бес мұғалім Санкт-Петербург қаласындағы «Иматон» Практикалық психология Институтында ұйымдастыралатын «Топтық және жекелей кәсіби бағдар берудің заманауи әдістері» тақырыбы бойынша оқыту курстарына жолдама алады.

Байқау жеңімпаздары: Момбаева Каракоз (Шымкент қаласы, №30 мектеп), Машар Ақалтын Сидағалиқызы (Ақтөбе қаласы, №16 мектеп), Андирова Айман Амандыковна (БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі), Кенджебаева Мира Урынбасаровна (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 мектеп), Серимбаева Данна Тулеубаевна (Павлодар қаласы №19 мектеп).