"Family day" сайысы

13 наурыз күні мектебімізде "Family day" сайысы өтті. Сайыстың мақсаты - ұрпақтан ұрпаққа тарап келе жатқан, үйде жасалатын асты көрсету. Яғни, ата-аналармен оқушылар бірігіп жасаған тамақтарын ұсынып, таныстыру және әзірлеу кезеңін бейнебаянға түсіру болды. Сайыс бастауыш сынып оқушылары және орта мен жоғары буын арасында өткізілді. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Ата-аналармен оқушыларға алғысымыз шексіз! Сайыс нәтижесі 20 наурыз күні белгілі болады.