"Тазалық және Денсаулық" атты сынып сағаты өткізілді
Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру және оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында «Тазалық және Денсаулық» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағат барысында оқушыларға арақашықты сақтауы, масканы дұрыс кию оны шешу, қолды дұрыс жуу, мектеп ішіндегі санитарлық нормаларды ұстану түсіндірілді.