2020 жылдың қыркүйектің 23-і күні мектебімізде 1 – сынып оқушыларының ата – аналарына мектепішілік жиналыс өткізілді. Жиналыстың тақырыбы: «Оқушылардың мектепке бейімделуі».
Әр ата – ана баласы үшін алаңдаулы, мазалайтын сұрақтары, көкейкесті мәселелірі әрине, бар. Себебі, 1-сынып оқушылары енді ғана мектеп табалдырығын аттаған балалар.
Күн тәртібінде:
1-сұрақ.1-сыныпта оқу процессінің ұйымдастырылуы
(Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Мирманова);
2-сұрақ.2020-2021оқу жылында мектебіміздегі санитарлық - эпидемиологиялық талаптар (Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Р.Ж.Саденова)
3-сұрақ. Оқушылардың мектепке бейімделуі. (мектеп психологы: О.Г.Ахметова)
Жиналыс ата-аналарға пайдалы болды. Ата-аналар өз ойларын білдіріп, жұмысымызға сәттілік тіледі.