3 қарашада 20 мектеп-лицейде "Балалар құқығы - адам құқығы" айлығы аясында "Сенің зияткерлік мәдениетің" интерактивті ойыны өтті, оған 9 Б сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: құқықтық білім жүйесін қалыптастыру, Бала құқықтары Конвенциясының әмбебаптығын, жалпыға ортақ сипатын түсіну, сондай-ақ оқушылардың ақпараттық және зияткерлік мәдениетін дамыту.
Интерактивті ойынға "Интеллект" және "Спикер" командалары қатысып, төрт номинация бойынша сайысқа түсті: "Құқық", "Отбасы", "Барлығы туралы", "Қылмыстық кодекс". "Спикер" командасы жеңіске жетті. Қорытындылау кезінде балалар іс-шараны өткізудің қызықты формасын, Бала құқықтары саласындағы танымдық сұрақтарды, бәсекеге қабілеттілікті, зерттеу қабілеттерін көрсету мүмкіндігін атап өтті.