2020 жылдың 05 қарашасында № 20 мектеп-лицейінде ғылымның 11 саласында өткізілген Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі онлайн режимінде өтті. Олимпиадаға мектеп-лицейдің барлық 143 оқушысы қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: I – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер, II - қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер.
Мектепішілік олимпиада турының нәтижелері лицеистердің жеткілікті білімі бар, шығармашылық тұрғыдан ойлана алатындығын, тапқырлық пен қызығушылық танытатындығын көрсетті. Ең көп жүлделі орындарға ие болған оқушылар тарих пәнінен – 18, география – 16, Орыс тілі – 14, биология – 13, ағылшын тілі – 12, химия және өзін – өзі тану-10 ие болды.
Сыныптар арасында ең көп жүлделі орындар:
І орын-11 Б сынып 29 орын;
ІІ ОРЫН - 9 б сынып 21 орын;
ІІІ орын-10б сынып 20 орын.
Мектеп турының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен қалалық пәндік олимпиадада мектеп-лицейдің намысын қорғайтын олимпиадалық құрама команда құрылды.
Жаңа шығармашылық жеңістер, лицеистер!