Тоғызқұмалақтан онлайн-турнир.
Күзгі демалыс кезінде балалардың демалысын және сауықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында № 20 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары үшін тоғызқұмалақтан онлайн-турнир ұйымдастырылды.
Тоғызқұмалақ-қазақтың ежелгі ұлттық ойындарының бірі, ол логикалық ойлауды, шыдамдылық пен тапқырлықты дамытуға арналған. Лицеистер сайтта «адам-адам» режимінде жарысты Toguzkumalak.Idhost.Kz.
Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: I орын - Проскуряков Кирил (10 А сынып), II орын - Альжанов Аслан (10 Б сынып), III орын - Аленова Мадина (10 А сынып).