"Сөз сұраймын" қашықтық ойыны
19 қарашада "Адам құқығы-бала құқығы" айлығы аясында №20 лицей-мектебінде тарих пәнінің мұғалімі К.А. Зотовамен "Сөз сұраймын" қашықтық ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларын дамыту. Ойынға 10 А сынып лицейшілері қатысты. Ойын барысында бала құқықтары, сондай-ақ конституциялық құқықтар туралы Конвенцияға байланысты мәселелер қозғалды. Ойын қызықты, белсенді түрде өтті: құқықтық мәселелер мен жағдайлар шешілді. Үздік ойыншылар дипломдармен марапатталды.